Мектеп тарихы » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Көктөбе орталау мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » » Мектеп тарихы
11
апрель
2022

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы
Ашылған жылы – 1952 жыл
Қазіргі кездегі Ескелді ауданына қарасты Көктөбе орта мектебі 1952-1953 оқу жылында бастауыш мектеп болып құрылды. Ауылдық кеңестің шешімімен жаңадан салынған кішігірім мектепке  М.И.Калининнің есімі берілді. Ол кездері ауылдардың өздері кішігірім болатын, небәрі 20-30 отбасынан тұрғандықтан, көрші Ақтасты,Көктал, Амангелді, Жаңабірлік, Тастыбұлақ деген елді мекендердің балалары қатынас құрып осы М.И.Калинин атындағы бастауыш мектептен келіп оқыды. Уақыт өте келе жаңағы кішігірім елді мекендерді біріктіру науқаны басталғанда ел-жұрт көшіп Калиновкаға, Онбесіншіге, Жаңабірлікке орын тепті және оқу жасындағы балалар Калиновкадан оқыды.Сол жылдары білім беру ісіне атсалысқан ұстаздарды атап айтсақ, олар: Мұратбеков Ақшабек, В.Карчин , Д.И.Демидов, Умиров Орман соғыс ардагері, Женушев Б. т.б.
1959-1960 жылдарында бастауыш мектепті орта мектепке айналдырды. Орта мектепте балалар саны да көбейіп, оқу жүйесі күрделі бола бастады, көптеген жаңа кадрлар еңбек етті. Көп жылдар бойы сол мектептің директоры Абишев Мұқағали ағай болды.
Мектепте оқу ісі екі тілде өтті. Басқа ұлттың өкілдері жұмыс жасады.Калиновка ауылы көркейе бастады, халықтың саны артып , өмір жалғаса берді.
Мұғалім – ұстаз жөнінде Ы. Алтынсарин былай деген:
« Мұғалім – бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің  жүрегі ».
Осы жылдар ішінде бірнеше ұлағатты ұстаздар өздерінің  еңбек жолдарын ұштап, шәкірттерге білім беріп тәрбиелепқанат қақтырды. Қажырлы еңбегімен, терең біліммен  шәкірттерін  сусындатқан ұстаздарды біз мақтанышпен айта аламыз.1970-1980-ші жылдарында Калинин мектебіне еңбек сіңірген ұстаздар М.И.Искаков, З.И.Бижеева, Г.Б.Абдрахманов,  Г.К.Шымырбаева , Н.Б.Боранбаева, В.Х.Байдильдина, А.Б.Етекбаева. А.В.Маклакова , Б.А.Бауэр т.б.
Осы мектептің түлектері Қазақстанның түпкір-түпкірінде еңбек етіп жүр. Атақты, ел құрметіне бөленген, Қазақстанға еңбегі сіңген спортшы, көптеген спортшыларды тәрбиелеген, еркін күрес шебері Есимов Манарбек Есімұлы.
Өнер саласында әйгілі актер, көптеген ролдерді сомдаған, МұхтарӘуезов атындағы драма театрының әртісі Нұрасилов Мұрат.
      1989 жылы М.И.Калинин мектебі  жаңа ғимаратқа көшті. . Осы мектептің қабырғасының қалануына, іргесінің  көтерілуіне, сол кездегі совхоз директоры Е.Ерболатов тың еңбектері шексіз. Жанашыр азаматтардың жүгіруінің, талмай ізденуінің арқасында мектеп жас бүлдіршіндерге еліміздің болашақ ұл- қыздарына қараша айында пайдалануға берілді.  Оқу процесі қызықты да жаңа талапқа сай өте бастады, оқушылар кабинеттік жүйеге ауысып, бір сменада оқу жүре бастады. Спорт, көркемөнерпаздар жұмыстарына қатты көңіл бөлініп, мектеп алдыңғы қатардан көріне бастады.Осы кезде мектеп басшысы Фарида Ахметқызы Булекова болды.
     1998-1999  жылы Калиновка ауылы, Қапал ауданынан Ескелді ауданына ауысты, сол кезде ауылдың атын да және мектептің атын да Көктөбе деп өзгертілді.
     1990-2000 жылдарда урбанизацияға байланысты ауылда жұмыстың жоқтығынан көптеген адамдар қалаға көшіп кетті, класс комплекттер саны азайды.
40 жылдай уақыт еңбек еткен ұстаздар, қазіргі кезде құрметті демалыста математика пәнінің мұғалімі, аға оқытушы Г.Ш.Байболова және Қазақстан Республикасының білім министрлігінің құрмет грамотасының иегері орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Б.Кубиева.     
1989 жылы қараша айында үлкен, жарық екі қабатты мектеп үйі өз оқушыларына, ұстаздарына есігін айқара аштыОсы жылдар ішінде көптеген шәкірттерімізді мақтан ете аламыз. Өз ұстаздарының білім нәрімен сусындап, қанаттары қатайған көптеген шәкірттеріміз мектепті «үздік» аттестатымен бітірді.
Олар:                     Адамбекова Айжан
                           Атамбаева Гүлнұр
                           Атамбаев Дидар
                           Қораласова Айжан
                          Тоқтабекова Салтанат
                           Қасымова Жазира
Міне нағыз  мақтаныш «Мақтансаң шәкіртіңмен мақтан» дегендей осы шәкірттеріміз қазір бір- бір маман иелері болып өз қалауы бойынша жұмыс істеп, кейбіреуі әлі оқып жатыр.
Бұл да ұстаздың маңдай терінің, еңбегінің  жемісі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыруда мемлекеттің саяси бағытын және Ата Заңдағы білім салаларын құқықтын негізде оқып үйрену. Қазіргі кезде мектебіміздің алдына қойған мақсаты: «Инновациялық оқыту арқылы білім сапасын арттыру, оқыту үрдісі  мен басқарудағы жаңашыл әдіс-тәсілдің тиімділігін анықтау, оқу-тәрбие үрдісіне сатылау ендіру».
Педагогикалық ұжымның алдында қойған негізгі мақсаты оқушыларға білім тәрбие беруде жаңа- оқу әдістерін қолдана отырып, оларға терең сапалы білім беріп және дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Педагогикалық ұжымда 16 ұстаз қажырлы еңбек етуде. Оның ішінде , 5- І-ші санатты, 6 - ІІ-ші санатты ұстаздар еңбек етіп келеді.
Қазіргі кезде мұғалімдеріміздің  еңбегінің нәтижесі болып көптеген оқушылар, яғни 40 - «үздік», 96 - «екпінді» оқыйтын оқушыларымыз бар. Мектебімізде 3- әдістемелік бірлестк
жұмыс істейді. Олар:
Гуманитарлық әдістемелік бірлестігі .
Бастауыш мектеп әдістемелік бірлестігі
Жаратылыстану -математикалық әдістемелік бірлестігі
Мектебімізде әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді. Атап  айтқанда «Домбыра », «Ана тілің- арын бұл  », «Қолөнер », «Баскетбол»,   «Воллейбол», «Теннис» және би  үйірмелері  жұмыс істейді. Әр үйірмеге қабілеті бар оқушылар қатысып, өнерлерін шындайды.
«Қазақстан -2030» бағдарламасы бойынша мектебімізде бірқатар жұмыстар жүргізіліп отыр. Оқушыларымызды салауатты өмір салтымен өмір сүруге баулу, оларды компьютермен жұмысқа үйрету және мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтылуын қадағалау. Тіл туралы заңның орындалуында  мектебімізде жыл сайын 22 қыркүйекте  «Халықтар Достығы» фестиваль жүйелі өткізіліп отырады. 
Оқу мен еңбек егіз демекші, мектебімізде тәрбие саласында да көптеген іс – шаралар тәрбие – ісінің меңгерушісі Қораласов Нұрлат Айтқалиұлының ұйымдастыруымен өткізіледі.
Жасөспірімдерді тәрбиелеуде құқықтық тәрбиенің маңызы өте зор. Мектепте «Азаматтық қорғаныс» орталығы жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты оқушыларға құқықтық тәрбие беру, құқықтық сауатын ашу.
   «Жасұлан» балалар ұйымы  мектебімізде жасөспірімдерді отансүйгіштікке,ұйымшылдыққа,қайырымдылыққа,мейірімділікке тәрбиелейді.
Халықтың ең басты байлығы – денсаулық.   Елбасының жарлығы бойынша жыл сайын  «Денсаулық фестивалі» өтіп тұрады. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу келешекте нық сеніммен қарайтын мемлекеттің бұлжымас заңы. Осыған орай біздің мектебімізде қолға алынып, оң шешімін тауып жатқан игі істер жасалуда.
   «Спорт – денсаулық кепілі» деген айдармен ұйымдастырылған спорттық шаралар өзінің жақсы нәтижесін беріп жатыр.
Оқушылардың патриоттық сезімін ояту және қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шаралар, сынып сағаттары өткізіледі.  
2009 жылы   Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай  мектеп фойесінде Ерлік бұрыш ашылды.Жерлес Ұлы Отан соғысының  ардагерлеріне жаңадан ескерткіш тақталар ашылды.
Жыл  сайын  31  мамыр  күні  құғын  сүргінге  ұшыраған  құрбандарды  еске алу митингісі  өткізіледі.
Қазіргі уақытта Көктөбе орта мектебінде бар болғаны 8 класс-комплект калды,соған қарамастан мұғалімдер ұжымы Ш.Қ.Бозовтың басшылығымен өзінің алдына қойылған мақсатына жету үшін аянбай еңбек етіп келе жатыр. Мектепте көптеген жас ұстаздар еңбек етуде.
Қазіргі уақыттағы жағдай туралы мәлімет
I саты
-1-4 сыныптарындағы бастауыш сынып оқушыларының табысты білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған.
-мектепте қосымша  «тіл дамыту», «салауаттану» және тағы басқа үйірмелер жүргізіледі.
II саты
-5-9 сыныптар
Білім беру бағдарламасына қосымша «салауаттану», «экономика», «информатика», «өлкетану» пәндері кіреді және кәсіптік бейінді оқытуға дайындық жүргізіледі.
Мектепте
      17 оқу кабинеттері бар, соның ішінде:
*1 компьютер сыныбы
*1 оқу шеберханасы
*кітапхана
*медицина кабинеті
*психология кабинеті
*спортзал және спорт алаңы бар
Мектебіміздің дәстүрлері
*интеллектуалды марафон
*пән олимпиадалары
*мектеп бітірушілермен кездесу
*Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қарт адамдарға көмек
*студенттер күні
*үш ұрпақпен кездесу
*ауылдың атақты адамдарымен кездесу
*«Қайырымдылық»марафоны
*мектеп алаңын, ауыл аймағын көгалдандыру
 
 Атақты адамдар туралы мәлімет
Осы мектептің түлектері Қазақстанның түпкір-түпкірінде еңбек етіп жүр. Атақты, ел құрметіне бөленген, Қазақстанға еңбегі сіңген спортшы, көптеген спортшыларды тәрбиелеген, еркін күрес шебері Есимов Манарбек Есімұлы.
Булеков Даурен Есетұлы- таеквондодан Қазақстан чемпионы,
Атамбаев Айдар Болатұлы- ушу-сандодан Қазақстан чемпионы.
Өнер саласында әйгілі актер, көптеген ролдерді сомдаған, МұхтарӘуезов атындағы драма театрының әртісі Нұрасилов Мұрат.
      1952 жылдан бері 60 жылдық тарихы бар Көктөбе орта мектебіндегі озат ұстаздар  мен мектеп басшылары жайлы, мектеп бітірушілері жайлы деректер мектеп ұжымының көмегімен жинастырылды.
Шешілуі тиіс мәселелер
1.Мектептің күрделі жөндеуден өтуі.
2.Мектептің жылу жүйесін жаңарту.
3.Лингафон, мультимедиа кабинеттермен, интерактивтік тақталармен қамтамасыз ету.
4.Мектептің техника-материалдық базасын нығайту






















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив