"Мектеп асханасы" » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Көктөбе орталау мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектеп асханасы"
11
март
2020

"Мектеп асханасы"

«Ескелді ауданы әкімдігінің Көктөбе орталау мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
«Мектеп асханасы» республикалық акция өткізілгендігі туралы
МӘЛІМЕТ
Көктөбе орталау мектебі 2019-2020 оқу жылының 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акция өткізілу барысында.
Мақсаты: Балалардың нақты тамақтану рационының перспективті сәйкестігіне бақылау жүргізу. Мектебіміздің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялар қызмет көрсетушілердің бекітілген мәзірі бойынша тамақтану нормаларының сәйкестігін тексеру барысында. Комиссия төрағасы мектеп директоры Р.Темербеков комиссия мүшелері ДТІЖО Б.Құлмашева, балалар құқығын қорғау инспекторы Н.Нусипжанов, мектеп медбикесі С.Қасымханова, кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Тұрысбекова, ата-аналар комитетінің төрайымы А.Егізбаева.
Құрылған комиссия мүшелері тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізді.
Жеткізілетін өнімдерді кіріс қадағалау, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етілді.
Мектепте жағдайы төмен оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Құрылған комиссия айрықша бақылауымен Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Бастауыш мектепте тегін тамақтандырумен қамту 94%, ал орта буын және жоғары сыныптарда 66% құрайды.
Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілді.
Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр: тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру, биология және технология пәндері бойынша оқу бағдарламаларының жоспарына тамақтану мәдениеті туралы сауалдарды қосу және т.б. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады, мектептің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізілді: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылды.



Тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары:Б.О.Құлмашева

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив